Жаңалықтар тізбегі
0

Семей қаласында зейнеткерді алдап соққан ер адам сотталды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2018 23:50 Baq.kz
Сот барысында айыпталушы өз кінәсін мойындаған.

Семей қаласында ер адам «Халық банк» бөлімшесіне келген қарт кісіге «зейнетақыңызды шығаруға көмектесейін» деп алдап, 62 мың теңгені қалтасына басқан. Оқиғаның мән-жайы Семей қалалық №2 сотының іс-материалдарында баяндалған, деп хабарлайды Baq.kz.

Оңай жолмен ақша таппақ болған 28 жастағы жігіт Әуезов даңғылында орналасқан «Халық банк» бөлімшесіне барады. Егде жастағы әйел адамның қасына таяп, ілтипат көрсеткен семейлік көмек қолын созғысы келетінін айтып сендірген. Алайда айласын асырған алаяқ 62 400 теңгені зейнеткердің шотынан шығарып алып, тайып тұрады.

Арада бір аптаға жуық уақыт өткенде бұрын сотты болған ер адам тағы да бір адамды алдап соғады. Бейтаныс әйелді әңгімеге тартқан ол «Сіздің қызыңыз менің анама ақша қарыз» деп 15 мың теңгені алдап алған.

Осыған байланысты сот ісі Семей қалалық №2 сотында қаралды. Сот барысында айыпталушы өз кінәсін мойындаған. Сот үкімі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы, 2-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылған сотталушы 3 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан шектелді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: