Алматыда жалаң-аяқ көшеде жүрген жасөспірімді тексерген тәртіп сақшылары жағасын ұстады

8 Қаңтар 2021, 12:49
Сурет: Pixabay

Кеше таңғы сағат 5-тер шамасында Алматының Алмалы ауданында көшеде, қақаған қыста жалаң-аяқ, жалаң бас жүрген жасөспірім көзге ілікті, деп хабарлайды zakon.kz.

Жеткіншекті байқаған сол көше тұрғындары полиция шақырған. Полиция бөлімде ол дөйдала сөйлеп, шешесін өлтіргенін айтқан. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің сөзін тексеру үшін оның үйіне барды. Пәтердегі жайт куәгерлерді есеңгіретіп тастады.

Қылмыс жасады деген күдікпен кәмелетке толмаған 2005 жылғы К. ұсталды. Бозбала жанжал кезінде анасына бірнеше мәрте пышақ сілтегені анықталды. Әйел оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі уақытта психологтардың көмегімен кәмелетке толмаған бозбалаға қатысты тергеу шаралары жүргізілуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, балада психикалық ауытқушылықтың айқын белгілері бар, - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жасөспірімді қылмыс жасауға итермелеген нақты себептер туралы мәлімет берілмеді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?