Қырғызстанда президент сайлауы мен референдум қатар өтіп жатыр

10 Қаңтар 2021, 15:22
Сурет: inbusiness.kz

10 қаңтарда Қырғызстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы және басқару формасына қатысты референдум қатар өтіп жатыр.

Таңғы сағат сегізде елде сайлау учаскелері ашылды. Екі мың 474 учаскенің 48-і шетелде орналасқан, деп хабарлайды centralasian.org.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, үш миллион 563 мың 574 адам дауыс бере алады.

Мерзімінен бұрын ұйымдастырылған президент сайлауына 18 кандидат тіркелді, бірақ біреуі сайлауға түспейтінін мәлімдеді. Мемлекет басшысы қызметіне 17 адам таласады.

Президент сайлауымен қатар басқару формасына қатысты референдум өтіп жатыр. Қырғызстан азаматтары үш нұсқаның бірін таңдайды: президенттік форма, парламенттік форма, екеуіне де қарсы.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?