ЕҚЫҰ миссиясы Қазақстанда өткен сайлауды мойындады

11 Қаңтар 2021, 15:54
Сурет: osce.org

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Қазақстандағы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын бақылау жөніндегі миссиясы сайлауды заңды деп таныды. Бұл туралы брифингте ЕҚЫҰ бақылаушыларының арнайы үйлестірушісі және қысқа мерзімді миссиясының жетекшісі Кристиан Вигенин мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Біз бүкіл ел бойынша көптеген сайт пен процедураларды қамти алмадық, бірақ біздің бақылауларымыз бен талдауларымыз сайлау процесіне бағытталды. Біздің алғашқы қорытындымыз - 10 қаңтардағы Қазақстандағы парламенттік сайлауда шынайы бәсекелестік болмағанын және саяси реформаның қажеттілігін көрсетті. Пандемиямен байланысты қиындықтарға қарамастан, олар техникалық тұрғыдан жақсы дайындалған, - деді Вигенин.

Оның айтуынша, сайлау процесіне бес партия қатысты, кандидаттар ың-шыңсыз күресті.

Мен сайлау учаскелерінде және дауыс беру процедураларында жүзеге асырылған COVID-тің алдын-алу бойынша қабылданған маңызды шараларға қарамастан, сайлауды тиімді басқарылуымен құттықтаймын, - деді ол.

Сонымен бірге шетелдік мейман Қазақстанның сайлау процесінде жақсартуды қажет ететін тағы бірнеше тармақтары бар екенін айтты. Осыған байланысты халықаралық ұйым Қазақстандағы болашақ сайлау процестерін жақсарту бойынша өз ұсыныстарын ұсынуға дайын.

Біз бүгін ұсынып отырған алдын-ала мәлімдемеде осы сайлау процесін бағалауға қатысты алдын-ала қорытындылар мен біздің сайлауға берген баға қорытындылары бар. Миссия елде әлі де қала береді және барлық мүдделі тараптармен егжей-тегжейлі жұмыс істейтін болады. Біз сайлауды жан-жақты бағалауды, сондай-ақ Қазақстандағы болашақ сайлау процестерін жақсартуға бағытталған ұсыныстарды қамтитын қорытынды есеп дайындаймыз. Бұл қорытынды есеп сегіз аптадан кейін жарияланады. Және ол Қазақстан билігіне ұсынылады, - деп сөзін аяқтады миссия басшысы.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?