Маңғыстаудағы комбинат жылына 14 мың тонна ұн шығарады

13 Қаңтар 2021, 16:50
Сурет: zakon.kz

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында орналасқан "Асқар" ұн-жарма комбинаты 1 жылда 14 мың тонна ұн, 6 мың тонна кебек шығарады. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.

Ұн өз өңірімізде өндірілсін, нанымыз көп болсын деген ниетпен кәсіп ашқан болатынбыз. Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында жеңілдетілген несие алып, құрал-жабдықтар сатып алдық. Мұнда 70-тен астам қызметкер еңбек етеді. Бидай Солтүстік Қазақстан облысы мен Қостанай қаласынан тасылмалданады. Әкелінген дақылдардан ұн, кебек дайындалып, сұрыпталып, тазаланып, қапталып нарыққа шығарылады. кәсіпкер Ақжібек Бердібекова.

Қазіргі уақытта комбинатта ұнның 3 түрі өндіріледі. Зауыт ашылғалы облыс қажеттілігін қамтып келеді. Отандық өнімге көрші елдерден де сұраныс бар.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?