Тұман мен түтін. Алматы – Қапшағай тас жолында жеті көлік соғысты

zakon.kz zakon.kz
Алдын ала деректер үш жолаушының жарақат алғанын айтады.

14 қаңтарда кешкісін шамамен сағат 19:40-та Алматы-Қапшағай тас жолында жол көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жоғары жылдамдықпен келе жатқан МАN көлігінің жүргізушісі алдында келе жатқан көлікті қаққан. Тұман мен сол маңдағы қоқыс полигонынан тараған түтін салдарынан жол көрінбей, жаңағы жерде тағы бес көлік соғысқан.

Алдын ала деректер үш жолаушының жарақат алғанын айтады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Жол-көлік оқиғасы болған кезде жолда көктайғақ болған жоқ, жолдың үш жолағы қардан тазаланған болатын. Жолдың көрінбеуіне қоқыс полигонынан келген қою түтін себеп болды, оған біз жауап бермейміз, деген мәлімет берді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз