Алматы-Қапшағай тас жолында жеңіл көлік ауыр көліктің астына кіріп кеткен

rus.azattyq-ruhy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2020 17:41 rus.azattyq-ruhy.kz
4 адам зардап шекті.

Алматы облысындағы тас жолда жеңіл көлік жүк көлігінің астына түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Видеода жол апаты Алматы-Қапшағай тас жолында болғаны айтылады.

Алматы облысының полиция департаменті бұл жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адамның зардап шеккенін хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 6 тамызда сағат 05.48-де Mitsubishi Outlander көлігінің 2001 жылғы К. есімді жүргізушісі оңтүстікке қарай жолдың19 шақырымда келе жатып, рөлге ие бола алмай, алдында келе жатқан жүк көлігінің астына кіріп кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы зардап шекті. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Жол-көлік оқиғасына әкелген барлық себептер мен жағдайлар анықталуда, деп хабарлады полициядағылар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: