Мәжіліс Төрағасына Нұрлан Нығматулин ұсынылды

15 Қаңтар 2021, 12:29
Сурет: Ж.Құспанов

VII шақырылымдағы Мәжілістің алғашқы жалпы отырысында депутаттар Палата Төрағасы қызметіне Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын Елбасы, "Nur Otan" партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәжілістегі партия фракциясына ұсынған болатын. "Nur Otan" фракциясының депутаттары Елбасының бұл ұсынысын бірауыздан қолдады.

Жалпы отырыс барысында кандидатты депутат Дархан Мыңбай ұсынып, Нұрлан Нығматулиннің зор кәсіби тәжірибесін, Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау жөніндегі нәтижелі жұмысын, сондай-ақ, Мәжілістің өткен шақырылымдарында барлық парламенттік фракциялармен сындарлы диалог орнатқанын атап өтті.

Жалпы отырыста Мәжіліс Төрағасы қызметіне басқа кандидаттар ұсынылмады.

Осы ретте, Мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдірахманов ұсынылған кандидат туралы өз пікірін ортаға салды.

- Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулиннің бұл қызметке ұсынылған кандидатурасын ол кісі тіпті осыған дейін Мәжілісті басқарып көрмесе де, бұл күнге дейін Мәжілісті басқарып келмесе де қолдар едім. Өйткені, Нұрлан Нығматулин қалада да, министрлікте де, облыста да, әкімшілікте де басшы қызметте болып, олардың қай-қайсысында да өмірдің үлкен сынағынан өтті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сынына шыдас беріп, қазақша айтқанда от пен судан өткен тұлға, - деді депутат С. Әбдірахманов.

Жиын барысында "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясының атынан сөз сөйлеген Азат Перуашев ұсынылған кандидатураны қолдайтынын жеткізді.

- Нұрлан Нығматулин келгелі біз кез-келген мәселе бойынша өз пікірімізді ашық айтуға мүмкіндік алдық. Содан бері микрофонды өшіру тәжірибесі бұрынғы уақыттың еншісінде қалды. Оның үстіне, Нұрлан Зайроллаұлы 2016 жылы қайта төраға болғаннан кейін Палата регламентіне "партия фракциясының, депутаттық топтың атынан сөз сөйлеу үшін міндетті түрде сөз беріледі" деген түзету енгізу бастамасын көтерді, - деді Азат Перуашев.

Ал, Қазақстан халық партиясы атынан Айқын Қоңыров кандидатқа қатысты өз пікірімен бөлісіп:

- Мен қарапайым депутат ретінде, содан кейін фракция жетекшісі ретінде Нұрлан Зайроллаұлымен Парламент Мәжілісінің V және VI шақырылымдарында жұмыс істедім – деді. Сонымен қатар, А. Қоңыров Нұрлан Нығматулиннің еліміздің парламентризмін дамыту жолында бар күш-жігерін салған нағыз халық таңдауы екенін, сондай-ақ, жоғары заң шығарушылық органдағы өте білікті басқарушы екенін айтты.

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын Мәжіліс депутаттары Снежанна Имашева мен Бақытбек Смағұл қолдап, сөз сөйледі.

Айта кету керек, Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасы жасырын дауыс беру бюллетеніне енгізілді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?