Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі тағайындалды.

ANTIKOR ANTIKOR
Ол - Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасы Алик Шпекбаевтың бұйрығымен Төраға кеңесшісінің лауазымына Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл лауазымға дейін ол Агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметінде болды. Бірінші санатты біліктілік сыныбы бар.

Жазира Жылқышиеваның мемлекеттік басқару органдарында тәжірибесі мол. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, ішкі саясат басқармаларында, Қызылорда облысы және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменттерінің басшысы лауазымдарын атқарды.

"Құрмет" орденімен, "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін", "Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі" ведомстволық және бірнеше мерейтойлық медальдармен марапатталған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз