Ақтаулық жас әйел төртем туды
Ақтауда туған төртем 36 күннен кейін перзентханадан шығып, үйіне кетті. Ана мен бала орталығының ұжымы алтын құрсақты ана мен оның төрт нәрестесін салтанатты түрде шығарып салды, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Жүктілік кезеңі ауыр болғандықтан Самира Гасанова 30-шы аптасында операцияға жатқан еді. Төрт бауыр жарық дүние есігін жасанды жолмен ашқан. Ең ірісі 1 келі 390 грамм, кішісі 1 келі 190 грамм еді. Қазір бәрінің денсаулығы жақсы. Отау құрған соң тұңғышын төрт жыл күтіп, бірден көпбалалы ана атанған келіншек қуанышын жасыра алмай, ақ халаттыларға алғысын жаудырып жатыр. Кішкентайлардың есімдері де белгілі: Расул, Фанара, Айла және Нарин. Айта кетейін, бұл орталықта былтыр 8610 бала туған. Арасында 2 үшем мен 147 егіз бар. Ал Маңғыстау облысы бала туу көрсеткіші бойынша республикада соңғы үш жыл бойы көш бастап келеді.
Тойдық Жұмағамбетова, дәрігер-неонатолог:
Желтоқсан айының он бесінде бізде төртем дүниеге келді орталығымызда. Отыз жылдың ішінде алғаш рет болып тұр. Астана мен Алматы орталықтарымен ақауы бар балаларды жіберу, біздерге санавиациямен балаларды ауыстыру өте жақсы жолға қойылған.