Қызылордада аса ірі көлемде бюджетке залал келтіру фактісі анықталды

zakon.kz zakon.kz
Бюджетке келтірілген залал көлемі 136 млн астам теңгені құрады.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментімен ірі көлемде бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бюджетке келтірілген залал көлемі 136 млн астам теңгені құрады. Кәсіпкердің заңсыз әрекеті 2014-2018 жылдар аралығында жүргізілген аудиторлық тексеру кезінде анықталған.

ҚР ҚК 245-бабы 1-б. (декларацияны табыс етпеу не салық салынатын басқа да объектілерді, міндетті төлемдерді жасыру жолымен декларацияға бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салынатын салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ірі көлемде төлеуден жалтару) тергеу ісі жүргізілуде.

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз