Бір алаяқ "қожасымын" деп алдап, сервис орталықтан бөтеннің көлігін айдап кеткен
zakon.kz/ Павел Михеев
Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгені құрады.
8 қарашада Қарағанды қаласы ПБ Киров аудандық полиция бөліміне қала тұрғыны арызданды. Ол белгісіз біреудің көлігін ұрлап кеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Автокөлік сервис орталыққа жөндеуде тапсырылған. Куәгерлердің айтуынша, қожайыны екенін айтқан бір азамат, рөлге отырып, көлікті айдап кеткен.
Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгені құрады.
Жедел іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Көлік тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды, деп хабарлайды Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript