Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда банк алдында ер адамды белгісіз екеу тонамақ болды

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2021 18:38 polisia.kz
Шығын көлемі 500 мың теңгені құрады.

Қарағандылық тәртіп сақшылар банк алдында ер адамды тонап кеткен күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, 30 маусым күні сағат 20:00 шамасында Қарағанды қаласы ПБ жедел басқару орталығына хабарлама келіп түсті: қаладағы банктердің бірінің алдындағы тұрақта екі белгісіз адам күш қолдану арқылы тұрғынның 500 мың теңгесін алып кеткен.

Оқиға орнына Михайлов полиция бөлімінің, Қарағанды қаласы Полиция басқармасының және Қарағанды облысы ПД жедел-тергеу топтары шықты. (Банк алдындағы тонау: 0.34 – 2.29) Анықталдай, Қарағандының 59 жастағы тұрғыны азық-түлік тауарларын сататын сауда кәсіпорнында менеджер болып жұмыс істейді. Сол күні ол көтерме сауда ұйымынан жеткізілген өнім үшін 20 миллион теңге алып, ақшаны бас кеңсеге аудару үшін банкке барған. Ер адам қаржы мекемесіне кіре берісте тұрақтап, көліктен түспек болған сәтінде екі жігіт жүгіріп келіп, автокөлік есіктерін ашып, менеджердің қолындағы ақша салынған пакетті жұлып алмақ болған. Бірақ ер адамның қатты қарсылық көрсетуімен олар пакетті жыртып, жерге түскен бума ақшаны ғана өздерімен алып кеткен. Шығын көлемі 500 мың теңгені құрады.

– Ер адам полицияға оқиғадан үш сағат өткен соң ғана жүгінді. Оның айтуынша, ол алдымен қалған ақшаны бас кеңсеге жіберуді көздеген. Аталмыш уақыт ішінде күдіктілер қаладан кетіп үлгерді. Біз оларды Шығыс Қазақстан облысының аумағында анықтадық. Екі облыстың полицейлері бірлесіп жұмыс істеп, үш күдіктіні ұстадық, – деді Қарағанды қаласы ПБ КПБ бастығы Ескендір Əубəкіров. Күдіктілер – Қарағанды қаласының 22-28 жас аралығындағы тұрғындары. Оларға қатысты сот “қамауда ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу “Қарақшылық” бабы бойынша жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: