Атырауда ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерге 3,7 млрд теңге субсидия төленді
Баспасөз қызметі
Нәтижесінде агросектордағы жалпы өнім көлемі 86 млрд 500 млн теңгені құрады.
Атырауда агро өнім өндірушілерге былтыр 3,7 млрд. теңге субсидия төленді. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты, деп хабарлайды zakon.kz өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
"Нәтижесінде агросектордағы жалпы өнім көлемі 86 млрд 500 млн теңгені құрады. Озық технологиялардың есебінен қуаттылығын арттырған субъектілер де бар. Мысалы, "Бұйырғын" кооперативі 104 тонна өнім өндіріп, агросектордағы ірі шаруашылықтардың біріне айналды. Махамбет ауданындағы "Дастан" шаруа қожалығы инфрақұрылымын жаңартып, дақылдардың шығымдылығын 2,5 есе арттырды. Аталған шаруашылық былтыр 1 гектар жылыжайды іске қосып, науқаннан тыс мезгілдерде де көкөністер өндіруге кірісті" деп атап өтті Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Биыл жалпы құны 2 млрд. 600 млн. теңгенің 4 жобасы іске асырылып, 40 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript