Орал тұрғыны жалған шот-фактура жазғаны үшін сотталды
inbusiness.kz
Мемлекетке келген залал көлемі 67 млн теңгені құрады.
Орал қаласының тұрғыны 2017-2019 жылдар аралығында ЖШС-ті пайдаланып, іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактура жазып, осы арқылы өзінің коммерциялық кәсіпорнын салық төлеуден заңсыз босатқан, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің дерегінше, осы іс-әрекеттен мемлекетке келген залал көлемі 67 млн теңгені құрады.
БҚО Орал қаласы сотының үкімімен кәсіпкер ҚР ҚК 28 бабы 2-т. және 216 бабының 2-б., 2-т. сәйкес кінәлі деп танылып, сотталушымен кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалдық келісімнің жасалуы, сондай-ақ оның Қылмыстық-процестік кодексте қарастырылған келісімнің барлық шарттарын орындағанын, соның ішінде келтірілген зиянды толық өтегені ескеріле отырып, оған 6 312 500 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript