Жалған шот-фактура жазған Павлодар тұрғыны сотталып кетті

ҚР ҚМА баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2021 15:25 ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Ондайлар салық төлемейді, мемлекетке де, адал кәсіпкерлерге де зор зиян келтіреді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып беру дерегі бойынша Павлодар қаласының тұрғыны О.Щипилоға қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

О.Щипило бұрын сотталған А.Колесниковпен алдын ала сөз байласу арқылы үш жыл бойы жосықсыз компанияларға салық төлеуден жалтаруға көмек көрсеткен.

Заңға қайшы схемаға ол бақылауындағы "Призма Плюс" "Конэктгрупп" және "Солмир" ЖШС 3 жалған фирмасын қатыстырған.

Осылайша мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 500 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

Қылмыс жасаушы 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: