Тараздық әйел жалған шот-фактура жазғаны үшін сотталды
![okna-tm.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2020 21:31](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-2e7d3e22-da65-4da2-a6b2-5a7bda590203/800x452.webp)
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша заңға қайшы әрекеттерді жүзеге асыру фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының тұрғыны екінші деңгейлі банктердің бірінен ақша қаражатының жүйелі түрде қолма-қолға айналдырылып тұрғаны анықталды.
Тергеу барысында, Тараз қаласының тұрғыны 2019-2020 жылдар аралығында өзінің атына бірнеше ЖШС-н тіркей отырып, жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып берумен айналысқан. Бұл кәсіпорындарда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін автокөлік, үй - жай, өндірістік техникалық база және қызметкерлер штаты болмаған.
Жалған фирманың басшысы қаржы шаруашылық, бухгалтерлік есептерін және салық есептерін жасырып тапсырмаған анықталды.
Іс жүзінде фирмалар қылмыстық іс әрекеттерді жүзеге асыру үшін, контрагенттерге салықтан жалтару үшін жалған есеп шоттарды жазып берумен айналысқан.
Нәтижесінде мемлекетке төленбеген салық түрінде 107 млн теңгеден астам сомада шығын келтірілгені анықталды.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы сотының үкімімен айыпталушы ҚР ҚК 241 бабына сәйкес кінәлі деп танылды. Азаматшаға 40 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 3 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарға басшылық жасауға тыйым салынды.