Ұлттық банк жедел төлемдер жүйесін әзірлейді

26 Қаңтар 2021, 11:54
Сурет: 24tv.ua

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ерболат Досаев жедел төлемдер жүйесі мен банкаралық төлем карточкалары жүйесін құру жұмыстары жүргізілетіндігін атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, 2020 жылы коронавирус жағдайында және онлайн-қызметтерге сұраныстың артуы кезінде қолма-қол ақшасыз төлемдердің 2,5 есеге артып, 35,3 трлн теңгеге жеткені байқалды.

2021 жылы жедел төлем жүйесі мен банкаралық төлем карточкалары жүйесін құру жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл шараларды жүзеге асыру қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау шығындарын 2 есеге азайтуға, ел ішіндегі төлемдерді жеделдетуге және қолма-қол ақшасыз төлемдерді қолдануды кеңейтуге мүмкіндік береді, деп толықтырды Ұлттық банк төрағасы.

Сонымен қатар, 2020 жылы цифрлық қаржы нарығының негізін құру мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған қаржылық технологиялар мен инновацияларды дамыту тұжырымдамасы қабылданды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?