Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк цифрлық теңгені енгізу шарасы қай сатыға келгенін айтты

Ұлттық банк, цифрлық теңге, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2022 15:56 Сурет: freepik
ҚР Ұлттық банкі мен Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы цифрлық теңгеге арналған зерттеу нәтижелері туралы қорытынды есебін (White Paper) жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық банктің баспасөз қызметі нарық қатысушыларымен ынтымақтастықта нақты тұтынушылармен және сауда-қызметтік кәсіпорындармен цифрлық теңге платформасын тестілеу сәтті өткенін мәлімдеді. Бағдарламалану мүмкіндігін және офлайн транзакциялар тізбегін көрсетуді қоса алғанда цифрлық теңгенің бүкіл өмірлік циклі сыналды.

"Экономикалық модельдеу нәтижесі бойынша ақша-кредит саясаты, қаржылық тұрақтылық және жалпы экономика үшін тәуекелдердің жоқтығы туралы қорытындылар жасалды. Өкілдік сауалнама қорытындысы бойынша респонденттердің 60%-ы цифрлық теңгені пайдалануға дайын екенін жеткізді".ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ Ұлттық банк Digital Tenge Hub бірлескен алаңы іске қосылды, оның негізінде барлық мүдделі тараппен бірқатар талқылау мен дизайн-сессиясы өткізілгенін хабарлады. Digital Tenge Ideathon өткізілді.

Цифрлық теңгені енгізудің реттеуші аспектілеріне талдау жүргізілді, экожүйені дамыту бойынша тәсілдер әзірленді.ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі



Ұлттық банк, цифрлық теңге, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2022 15:56

Сурет: ҚР Ұлттық банкі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: