Ұлттық банк соңғы инстанциядағы қарызды қай банктерге береді

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2026 09:18 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан Ұлттық банкі соңғы инстанциядағы қарыздарды беру қағидаларын бекіту туралы Ұлттық банк пен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен қаулысына өзгерістер енгізу жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба аясында:

  •  соңғы инстанциядағы қарыз берілуі мүмкін төлем қабілетті банктердің санаттары нақтыланады;
  •  үкіметтің банк капиталына қатысуы және мемлекеттік кепілдік ұсынылуы шартымен реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банкке қарыз беру мүмкіндігі енгізіледі;
  •  2026 жылғы 15 наурызда қабылданған ҚР Конституциясына сәйкестендіру мақсатында "тенге" сөзі "теңге" деп өзгертіледі.

Ұлттық банктің түсіндіруінше, жоба заңнамада көзделген шарттар болған жағдайда, реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің соңғы инстанциядағы қарызға қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл өз кезегінде банк жүйесінің тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.

Құжат Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк ұсынған ұсынымдарды іске асыру жөніндегі Жол картасын орындау мақсатында әзірленген.

Жоба 11 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылды.

Айта кетейік, соңғы инстанциядағы қарызды Ұлттық банк өтімділік тапшылығы туындаған жағдайда береді. Мұндай жағдайлар екінші деңгейлі банктерге жасалған ақпараттық шабуыл салдарынан клиенттердің депозиттерін жаппай шешіп алуы немесе макроэкономикалық ахуалдың нашарлауы кезінде орын алуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: