Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда цифрлық теңге қашан енгізіледі

ҚР Ұлттық банк, цифрлық теңге, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2022 17:24 Сурет: ҚР Ұлттық банкі
Ұлттық банк пен Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы «Цифрлық теңгені енгізу бойынша шешім қабылдау моделі» баяндамасын жариялады, зерттеу нәтижелерінің негізінде жыл соңына дейін Қазақстанда цифрлық валюта енгізу туралы қорытынды шешім әзірленеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық банк «цифрлық теңгені іске қосу туралы шешім қабылдаудағы басымдық төлем қызметтерін тұтынушылар үшін айқын нәтиже болатынын» атап өтті.

ҚҰБ пен ТҚТДО моделі халықаралық ұйымдар (ДЭФ, «Үлкен жетілік» саммиті, ХВҚ) ұсынған талдамалық құралдарды, сондай-ақ шетелдік реттеушілердің тәсілдерін ескереді. Модельде, сондай-ақ цифрлық теңгенің технологиялық іске асырылуын, әлеуетті экономикалық пайдалар мен шығындарды, жүйені реттеу мүмкіндіктерін, сондай-ақ экожүйені дамыту әлеуетін бағалау бойынша зерттеулер қамтылған.ҚР Ұлттық банкі

Талдау құралдары ретінде технологиялық эксперименттер, экономикалық модельдеу, мүдделі тараптармен дизайн-сессиялар қарастырылған.

Ұлттық банк таратқан ақпарат бойынша, 2022 жылдың 4-тоқсанында нарыққа қатысушылармен және тұтынушылармен Цифрлық теңгенің технологиялық платформасын өтпелі тестілеу жоспарланған.

Зерттеу нәтижелерін объективті түсіндіру мақсатында тәуелсіз халықаралық сарапшылар мен халықаралық қаржы ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен цифрлық теңге жобасының Консультативтік кеңесі құрылды.

Қаржы нарығының қатысушыларымен цифрлық теңгенің экожүйесін құру да жобаны дамытудағы табыстылықтың маңызды факторы саналады. Осы мақсаттар үшін коллаборативті алаң – Digital Tenge Hub құрылды, оған нарық қатысушылары, инфрақұрылымдық ойыншылар, халықаралық серіктестер қатысады.

Цифрлық теңгені енгізу, оның ішінде офлайн төлеу мүмкіндігі арқылы төлем мен қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттырады. Цифрлық теңге инфрақұрылымы қаржы нарығына қатысушылар мен мемлекеттік органдар үшін қосымша құралға айналады, бұл смарт-контракт технологиясы негізінде инновациялық қызметтерді құруға мүмкіндік береді. Болашақта цифрлық теңгені енгізу трансшекаралық төлемдердің тиімділігін де еселейді.ҚР Ұлттық банкі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: