Сенатта ауыл шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізу мәселесі талқыланды
Сурет: ҚР сенатының баспасөз қызметі
Бүгін сенатта Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтар комитетінің депутаттары ауыл шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізу мен оны шешу жолдарын талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, ауыл шаруашылығын цифрландыру өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, сапасын арттыруға және сыбайлас жемқорлық қаупінің алдын алуға көмектеседі.
Аграрлық бизнес-процестерді цифрландыруды зерделеу барысында пайдаланудағы ауыл шаруашылығы жерлерінің картасы, агроөнеркәсіп кешені саласындағы барлық ғылыми жетістіктер, жаңалықтар мен инновациялар туралы толық ақпарат жинақталған бірыңғай базаның жоқтығы анықталды. Еліміздегі көптеген ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, әсіресе ауылдық жерлерде интернетке қол жеткізу сапасы өте төмен, бұл мәселе аса маңызды және мемлекеттік деңгейде кешенді шешуді талап етеді.Сенат комитетінің төрағасы Әли Бектаев
Сенаторлар шара барысында зерделенетін және ауыл шаруашылығына цифрландыруды енгізуге қатысты қазіргі проблемаларды шешу жөніндегі ұсынымдарда көрсетілетін Үкімет пен мүдделі мемлекеттік органдарға арналған ұсыныстар айтылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript