Елордада бір топ жігіт төбелесіп, оқ атысты

27 Қаңтар 2021, 00:20
Сурет: видеодан кадр

Елордада бір топ жігіт төбелесіп, оның соңы атысқа ұласты. Салдарынан бірнешеуі жарақат алған. Қару ұстағандардың жаға жыртысуын көргендер төбелескендер полиция мен жедел жәрдем келмей тұрып, оқиға орнынан қашып кеткендігін айтады, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қанды оқиға өткен сенбі күні түнгі сағат 1-де болған. Лев Толстой көшесіндегі жатақхана тұрғындары соңы атысқа ұласқан төбелесті көрген. Бірақ, барлығы да оқиға туралы ашық айтқысы келмейді.

"Куәгер көп, бірақ ешкім айтпайды. Мен сізге бірден айтам. Свидетельдер көп көрді. Адамдар видеоға түсірді. Бірақ ешкім жібермейді".


Есесіне, әлеуметтік желіні қолданушыларының бірі түннің бір уағында жас жігіттер жаға жыртысқанын байқапты. Сондай-ақ, желідегі азаматша алдымен айқай-шу болып, ақыр соңында бір-екі рет тапанша не мылтық атылғанын көрдім дейді. Кейіннен оққа ұшқан бір-екі жігітті көрісімен, атқандар қашса, жарақаттанғандарды да белгісіз көлікке мініп, ізін суытқан.

Жергілікті полиция төбелеске қатысқандардың бәрін ұстапты. Мамандар тәртіп бұзғандардың қанша адам екенін айтпай отыр. Дегенмен, полицейлер оқ тиіп, жаралы болғандардың жастарын атады.

Эльмира Шәуленова, қалалық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Олардың бірі 19-да, екіншісі 23-те. Тексеру барысында өзара таныстар бір қыз бала үшін атысып, жанжалдасқаны белгілі болды. Қазір жанжалға қатысқан барлық азаматтар ұсталып, Байқоңыр аудандық полиция басқармасын жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылардан төбелесте қан жоғалтқандардың халін сұрадық. 19 және 23 жастағы жігіттер нөмірі бірінші және Орталық жол ауруханасына жеткізіліпті. Әзірге жағдайлары орташа деңгейде деді, басқармадағылар.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?