Қазақстанда 40 мыңнан астам автокөлік ұрланған

polisia.kz polisia.kz
Ұрланған темір тұлпарлардың басым бөлігі көршілес елдерге жөнелтілетінін айтты. Ол жерде көліктердің винкодтары өзгертіліп, қайта сатылады.

Соңғы 15 жылда Қазақстанда 40 303 автокөлік ұрланған, деп хабарлайды zakon.kz "Хабар 24-ке" сілтеме жасап.

Олардың тек 66-сы ғана өз иелеріне қайтарылды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин палатаның жалпы отырысында хабарлады.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұрланған темір тұлпарлардың басым бөлігі көршілес елдерге жөнелтілетінін айтты. Ол жерде көліктердің винкодтары өзгертіліп, қайта сатылады.

Сондай-ақ алаяқтар Қазақстан аумағында сол винкодтарды сатып алып, ұрланған техниканы қайта тіркейтін көрінеді.

Мәжіліс төрағасының мәлімдеуінше, мұндай қылмыстарды ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуынсыз жасау мүмкін емес. Осы орайда Нұрлан Нығматулин тәртіп сақшылары арасында азаматтардың жеке ақпаратын таратуға жол бермеуді тапсырды. Ел шекараларында ұрланған көліктерді анықтау жүйесін жетілдіру қажеттілігі де сөз болды.

Жиын қорытындысы бойынша депутаттар ТМД елдері арасында осы мәселені шешу үшін ынтымақтастық орнату туралы заң жобасын қолдады.

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз