Тікелей эфирдегі 2 сағат ішінде мыңнан астам сауал кеп түсті
Əлеуметтік желілердегі тікелей эфир барысында "Nur Otan" партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов Елбасының бастамасы бойынша наурыз айының соңында бастау алған "Біз біргеміз" республикалық акциясының бірінші толқынын қорытындылап, акцияның екінші толқыны жайлы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
2 сағаттан астам уақыт ішінде 1000-нан астам сұрақ келіп түсті, олардың басым бөлігі "Birgemiz" қоғамдық қорынан төленетін төлемдерге, халықтың әлеуметтік осал топтарын азық-түлік себеттерімен қамтамасыз етуге қатысты, сондай-ақ көптеген тұрғындар партиялықтарға азық-түлікті жасақтау мен тасымалдауға қалай көмектесуге болатынын білді.
Елорда бойынша азық-түлік себетін барлығы 11 мыңға жуық отбасы алады. Бүгінгі күні құны 127 млн.теңге болатын 8472 жиынтық таратылды. Сондай-ақ, тұрғындарға акцияның екінші толқыны басталғандығы туралы айттым, оның аясында 28073 отбасына 1,4 млрд.теңге көлемінде көмек көрсетіледі. Қаражатты аудару 2020 жылдың 27 сәуірінде, дүйсенбі күнінен, келесі санаттар бойынша басталады: аз қамтылған отбасылар, соның ішінде көп балалы отбасылар (АӘК алушылар)- 7593 адам , көмекке мұқтаж мүгедектер (1, 2 топ және мүгедектігі бар зейнеткерлер, АӘК алушылар)- 9391 адам, мүгедек баланы күтуді жүзеге асыратын тұлғалар (АӘК алушылар)- 469 адам, зейнеткерлер (ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын)- 10532 адам, жетімдер - 42 адам , ҰОС қатысушылары мен ҰОС мүгедектері және оларға теңестірілгендер – 8 адам, тыл еңбеккерлері – 38 адам", -дейді "Nur Otan" партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов.
Сондай-ақ, ол карантин басталғалы бері Нұр-Сұлтан қ. аумағында елордалық партиялықтар 25 млн.теңге сомасына 16 мың бөтелке антисептиктер (блокпостар, медициналық мекемелер, әлеуметтік қорғау басқармасы ұйымдарына, Қарттар үйі, балалар үйі және т. б.) таратылғанын айтты. 1,5 млн. данадан астам медициналық маскалар халықтың әлеуметтік осал топтарына, сондай-ақ медициналық мекемелерге берілген.