Алматыда сауда орталықтары мен базарлардың жұмысына демалыс күндері тыйым салынады

ИА «NewTimes.kz», сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2021 16:12 ИА «NewTimes.kz»
Тиісті талап қаланың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында айтылады.

1 ақпаннан бастап Алматыда демалыс күндері сауда-ойын-сауық орталықтары мен базарлардың жұмысы тоқтатылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Тиісті талап қаланың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында айтылады.

Қарарда жұмыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен сауда желілерінің жұмысына сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін рұқсат етіледі,ал сенбі мен жексенбі күндері мүлде тыйым салынады, делінген.

Бұл ретте супермаркеттерінің, азық-түлік дүкендерінің және ірі сауда объектілері ғимаратында оқшау орналасқан дәріханалардың тұрақты режимде жұмыс істеуіне рұқсат, толымдылық деңгейі 30% -дан аспайды.

Сондай-ақ, жабық (азық-түлік, азық-түлік емес) базарлардың жұмысына сенбі мен жексенбі күндері тыйым салынады, ал жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін рұқсат.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: