Павлодар облысында ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысына тыйым салынды

zhzhitel.livejournal.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2020 05:19 zhzhitel.livejournal.com
Бұл шектеу ауданы 500 шаршы метрден асатын азық-түлікке жатпайтын дүкендерге де қатысты.

Павлодар облысының бас мемлекеттік дәрігерінің орынбасары өңірдегі карантиндік шаралар туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сауда-ойын-сауық орталығы мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылды. Бұл шектеу ауданы 500 шаршы метрден асатын азық-түлікке жатпайтын дүкендерге де қатысты. Оның ішінде орналасқан тамақ өнімдерін сатумен айналысатын объектілер мен дәріханаларға ғана артықшылық беріледі.

Азық-түлікке жатпайтын және азық-түлік (жабық) базарларының да жұмысы тоқтатылды.

Жексенбіде жаппай іс-шаралар өткізуге, қоғамдық көліктердің жұмысына (трамвайлар, автобустар, тұрақты маршруттық таксилер) салынған тыйым әлі өз күшінде.

Қаулы 2020 жылғы 27 қазанда 00: 00-ден бастап өз күшіне енеді.

Жаңа қаулы мәтінімен толықтай мына арадан танысуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: