Кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ауыл имамы қамауға алынды

иллюстрация үшін алынды иллюстрация үшін алынды
Тергеу мәліметінше, ол мектеп оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен. Алайда мешіттегілер 40 жастағы күдіктінің мүфтиятқа қатысы жоғын айтады.

Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ауыл имамы қамауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тергеу мәліметінше, ол мектеп оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен. Алайда мешіттегілер 40 жастағы күдіктінің мүфтиятқа қатысы жоғын айтады.

"Алғашқы қауесет ауыл тұрғындарының әңімесінен тараған. Тіпті мектеп оқушысы имамнан жүкті болып, жасанды түсік те жасағаны туралы сөз желдей ескен. Осыдан кейін ақпаратты тексеруге ауылға барған полицейлер оқиғаны растап, қыз зорлау фактісімен іс қозғады. Қаршадай қызға жыныстық қылмыс жасалғаны туралы ата-анасы да жақ ашпаған. Ал мүфтияттың айтуынша, күдіктінің діни білімі болғанымен, имамдық сертификат алмапты. Дегенмен ауылдағылар оны діни жоралғыларды өткізуге шақырып ауыл молдасына айналдырып алған" деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Аталған хабарламаға сәйкес, ҚР ҚК 120-бабы 4-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен аталмыш іске қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы облыс тұрғыны анықталып, ұсталды. Оған қатысты сотпен қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз