Танымал видеограф кәмелетке толмаған ұл баланы зорлады деген күдікпен ұсталды

Ұсталды, видеограф, зорлық-зомбылық, күдікті, кәмелетке толмаған бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2025 17:45 Сурет: freepik
Маңғыстау облысының полициясы балаға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық ісі бойынша тергеу шараларына кірісті. Бұл іс бойынша блогер-видеографқа күдік келтіріліп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram-да белгілі блогер Азамат Сәрсенбаев аталған ақпаратпен бөлісті.

"...Дронмен жұмыс істейтін менің видеограф танысымның қамауға алынғанын, ол туралы қорқынышты мәліметтерді білдім (барлығы әлеуметтік желіден жойылған, тіпті іздемей-ақ қойсаңыздар болады), көбісі оны жақсы таниды, көп адамға әлеуметтік желіге салу үшін әдемі видеолар түсірген, парақшалар мен жаңалықтар сайттары оның роликтерін жариялаған... Ал бүгін ол туралы жаңалықты естіп, денем түршігіп кетті, оны екі апта бұрын зорлық күдігімен қамауға алыпты, бірақ жағдайдың егжей-тегжейін білген сайын, соғұрлым есімнен таңа жаздадым. Кейбір дереккөздер арыз-шағымдар кәмелетке толмаған ұл балалардың (олардың біреуі 13 жаста көрінеді) атынан түскенін нақтылайды, кәмелетке толмаған балалар оны айналшықтап жүретін, мобилографияны үйренемін деп, әрине..."- дейді ол.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі аталған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

"2025 жылдың 4 қарашасында полицияға кәмелетке толмағаннан өзіне қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасалғаны туралы арыз-шағым түсті. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 121-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті анықталып, ұсталды және сот шешімі бойынша екі ай мерзімге тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Полиция органдары қажетті тергеу және процестік іс-шаралардың толық кешенін жүзеге асыратын болады. Болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып, мұқият зерделенеді, арызда келтірілген жайттар тексеріледі, тиісті сараптамалар тағайындалады", делінген түсініктемеде.

Қазан айында 12 жасынан бастап зорлық-зомбылыққа ұшырап келген Ақмола облысының тұрғыны туралы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: