Алматы облысының бірқатар аудандарында жылу тарифтері төмендеді

liter.kz liter.kz
Департаментпен тұрғындар үшін тарифтерді көтермеу бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің 2020-2021 жылдарға арналған жылу беру маусымына отын сатып алу үшін облыстық бюджет тарапынан бөлінген субсидияларды алуына байланысты, Алматы облысының Алакөл, Ақсу, Көксу және Ескелді аудандарында жылумен жабдықтау қызметтерін көрсететін кәсіпорындар үшін, жылу энергиясын беру үшін 2021 жылдың 1 ақпаннан бастап тарифтер төмендегенін хабарлайды.

Атап айтқанда:

- "Алакөлжылу" МКК-ның халық үшін бұрынғы қолданыстағы тариф ЕҚ - 6 104,40 тг./ Гкал, төмендетілген тариф ПУ-4 089,95 тг./ Гкал (ҚҚС есебінсіз), немесе төмендеуі -33%;

- "Ақсу ТВК" МКК-ның халық үшін бұрын қолданыстағы тариф ЕҚ-мен - 3 198,75 тг, ЕҚ-сыз - 6 397,50 тг./ Гкал, төмендетілген тариф ЕҚ-мен - 2 668,76, ЕҚ-сыз - 5 337,52 тг./ Гкал (ҚҚС есебінсіз), немесе төмендеуі -16,6%;

- "Көксужылу" МКК-ның халық үшін бұрын қолданыстағы тариф ЕҚ-мен - 1 521,41, ЕҚ-сыз - 3 141,56 тг./ Гкал, төмендетілген тариф ЕҚ-мен - 1 191,25, ЕҚ-сыз - 2 459,83 тг./ Гкал (ҚҚС есебінсіз), немесе төмендеуі -21,7%;

- "Қарабұлақжылу" МКК-ның халық үшін бұрын қолданыстағы тариф ЕҚ-мен - 3 062,32, ЕҚ-сыз - 4 628,43 тг./ Гкал, төмендетілген тариф ЕҚ-мен - 2 837,73, ЕҚ-сыз - 4 288,97 тг./ Гкал (ҚҚС есебінсіз), немесе төмендеуі -7,3%;

Бұдан басқа, "Қорғас-Шығыс қақпасы "арнайы экономикалық аймағы" басқарушы компаниясы" АҚ-ның Панфилов ауданы Педжим ауылында жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтау қызметтеріне тарифі 38 228 теңгеден 24 284 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз) немесе төмендеу-57% дейін өз бетінше бастама жасағандығын мәлімдейміз.

Департаментпен тұрғындар үшін тарифтерді көтермеу бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз