Қарағандыда қарттар үйіндегілердің жаппай коронавирус болғаны белгілі болды

24tv.ua 24tv.ua
Олардан бөлек осы мекеменің 26 қызметкерінен де COVID анықталған.

Қарағанды ​​облысының Шахан ауылындағы қарттар үйінде 70 зейнеткер коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, олардан бөлек осы мекеменің 26 қызметкерінен де COVID анықталған.

Инфекцияның таралуын болдырмау үшін санитарлық дәрігерлер ғимаратты дезинфекциялайды.

Ауру жұқтырғандардың барлығы өкпесін тексеруге жіберілді. Қарттардың КВИ-ды қалай жұқтырғаны әлі белгісіз. Қарттар үйі наурыз айынан бастап карантинде болып саналады.

Осы оқиғадан соң бүкіл Шахан ауылына қатаң карантиндік шектеу шаралары енгізілуі мүмкін. Соның ішінде блок-бекет те қоюы мүмкін.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі Айгүл Шатекова науқастармен байланыста болған адамдар шеңбері анықталғанын атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз