Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында аудан әкімінің жемқор орынбасары сотталды

gazeta.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2020 18:19 gazeta.kz
Одан бөлек әкімдіктің екі қызметкеріне де айыппұл салынды.

Алматы облысында аудандық әкімдіктің бірнеше қызметкеріне қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысының Панфилов аудандық сотында Панфилов ауданы әкімдігінің әртүрлі құрылымдарында жұмыс істеген төрт айыпталушыға қатысты пара алу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі қарау аяқталды. ЖШС менеджері де сотталды.

Сот "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен "Техно Снаб 2002" ЖШС арасында жалпы сомасы 993 440 000 теңгенің құрайтын Панфилов ауданы Пиджим (Нұркент) ауылындағы 60 пәтерлік екі тұрғын үй салуға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанын анықтады.

Атқарылған жұмыстар актісіне қол қойып, жалпы қолдау білдіргені үшін "Техно Снаб 2002" мердігері менеджерінен олар пара талап еткен: Панфилов ауданы әкімінің орынбасары, 200 000 теңге, "Панфилов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, міндетін атқарушы, 100 000 теңге. сол бөлімнің жеткші міндетін атқарушы 50 000 теңге көлемінде. ЖШС менеджері бірнеше рет сотталушыларға жалпы сомасы 350 000 теңге көлемінде пара берді, - деді Панфилов аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сотта айыпталушылар өз кінәларын толығымен мойындап, өкінетіндерін білдірді.

Сот үкімімен Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 000 000 теңге айыппұл салынды.

Панфилов аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы Қылмыстық кодекстің 366-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған сәйкес 2 500 000 теңге айыппұл салынды. Сол бөлім басшысының міндетін атқарушы Қылмыстық кодекстің 366-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 250 000 теңге айыппұл салынды.

Пара берген ЖШС менеджері Қылмыстық кодекстің 367-бабы 3-бөлігінің 3) тармағымен кінәлі деп танылып, оған да 7 000 000 теңге айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: