Жаңалықтар тізбегі
0

Төңкеріс болып жатқанда көшеде жаттығу жасаған қыз желідегілерді таң қалдырды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2021 21:58 видеодан алынды
Батыл қыздың әрекеті түсірілген видеоны Саламанка университетінің саясаттанушысы Анхель Маррадес желіде жариялады

Мьянма тұрғыны Хинг Хнин Вай ел астанасындағы автокөліктердің айналма жолында фитнестен жаттығу жасауды әрі оны тікелей эфирде жүргізуді әдетке айналдырған. Ар жағында әскери төңкеріс болып жатса да да қыз өзінің сүйікті ісін бұл жолы да тысқары қалдыра алмапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Батыл қыздың әрекеті түсірілген видеоны Саламанка университетінің саясаттанушысы Анхель Маррадес желіде жариялады. Видеодан қыздың әртүрлі дене жаттығуларын жасап жатқаны, ал осы сәтте оның арғы жағында нағыз мемлекеттік төкеріс болып, әскери көліктер сеңдей соғылып жүргені және әскери колонна да көрінеді. Осылайша, Мьянма әскери күштері елдің іс жүзіндегі көшбасшысын, басқарушы партияның жетекшісі Аун Сан Су Чжи мен Мьянма президенті Вин Минді орнынан алып тастады.

Кейінірек белгілі болғандай, Вай сол күнгі елдегі оқиғалардан мақрұм болғандықтан да өзінің әдеттегі ісімен жайбарақат айналыса берген екен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: