Түркістан облысында іші ауырып, ауруханаға түскен жасөспірім қыз жүкті болып шықты

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2020 20:32 Pixabay
"Зорлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қыздың өгей әкесі қамауға алынды.

Түркістан облысында өгей әке қызын зорлады деп күдікке ілінді, деп хабарлайды zakon.kz.

Түркістан облысы полициясының баспасөз қызметі 23 желтоқсанда Түлкібас аудандық полиция бөліміне облыстық ауруханадан қоңырау келіп түскенін хабарлады. Фельдшер өздеріне іші ауырғанына шағымданып, кәмелетке толмаған қыз келгенін айтқан. Медициналық тексеру кезінде дәрігерлер жасөспірімнің жүктіліктің жетінші айында екенін анықтады.

"Зорлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жәбірленушінің өгей әкесі ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінді. Ер адамды криминалдық полиция қызметкерлері ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындады. Сараптама тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: