Ескі 2000, 5000 және 10000 теңгені енді ешкім алмайды

ҚР Ұлттық банкі ҚР Ұлттық банкі
Анау Ұлттық банк те қабылдамаймыз дейді.

ҚР Ұлттық Банкі 2021 жылдың 1 ақпанында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімі аяқталғанын хабарлайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Осы номиналдардағы банкноттарды ауыстыру мерзімін ұзарту туралы шешімді Ұлттық Банк азаматтардың өтініштеріне байланысты қабылдаған болатын. Айырбастау тек жеке тұлғалар үшін Ұлттық Банктің филиалдарында 2020 жылдың 21 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 1 ақпанына дейін жүргізілді.

Осы кезеңде банкноттарды ауыстыруға қатысты өтініштердің көп бөлігі Алматы қаласының (28,2%), Нұр-Сұлтан қаласының (9,5%) және Қарағанды облысының (7,5%) тұрғындарынан түсті. Айырбастауға қабылданған купюралардың негізгі үлесі номиналы 2000 теңгелік (44,1% ) банкнотаға тиесілі болды, одан кейін 5000 (30,9%) және 10000 теңгелік (25,0%) банкноттар.

Ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстыру мерзімінің аяқталуына байланысты 2006 жылғы үлгідегі аталған номиналдағы банкноттар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылдауға және айырбастауға жатпайды және төлем құралы болып саналмайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз