2005-ші жылғы қыз өзін полицей зорлағанын айтты

wikimedia.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2021 20:11 wikimedia.org
Ал облыстық полиция департаменті сотталған адамның кінәсі толық дәлелденгенін мәлімдейді.

Ақтөбе облысындағы Петропавловка ауылында тұратын қыз бала Президенттен көмек сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның видеосы Qumash Telegram-каналында жарияланды.

Қыздың сөзінше, учаскелік полицей оны қызметтік көліктің ішінде күштеп зорлаған. Бірақ зорлық үшін кінәсіз ер адам сотталып кетті.

Мені учаскелік полицей зорлағанда 13 жаста едім. Әкем жоқ, шешем ішімдікке салынған еді. Маған заңсыз аборт жасатты. Учаскелік полицей мені кінәсіз адамға қарсы жала жабуға мәжбүрледі. Ол кісі 10 жылға сотталды, дейді қыз.

Ал облыстық полиция департаменті сотталған адамның кінәсі толық дәлелденгенін мәлімдейді.

2018-ші жылы аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Барлық фактілер мен жасалған сараптамалар сотталған тұлғаның қылмысқа қатысы бар екенін дәлелдеді. Сот күдіктіні 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Қорғаушылар тарапы апелляциялық тәртіппен шағым түсірді, алайда апелляциялық инстанция бірінші инстанцияның үкімімен келісті, - деп нақтылады полиция департаменті.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: