БҚО ПД Жергілікті полиция қызметінің басшысы өзін қызметінен босатуды сұрады
БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Манарбек Нәжиев қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
Өткен жылдың 28 желтоқсанында БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басшысы Кенжебек Құспаев пен оның орынбасары Манарбек Нәжиев өздерін қызметінен босатуды сұрап, рапорт берген.
Тәртіптік комиссияның шешімімен Манарбек Нәжиев қызметінен босатылды, ал Кенжебек Құспаевқа келетін болсақ, оны қызметінен босату мәселесін қарау үшін құжаттары ҚР Ішкі істер министрлігіне жолданды, деп түсіндірді БҚО ПД баспасөз қызметі.
Ондағылар қазір екеуінің де полиция резервінде тұрғанын, қалаған кезде жұмысқа шыға алатындарын, бірақ лауазымдары төмендетілетінін айтты.
Қаңтарда БҚО-да жол-патрульдік полиция взводының командирі жол ережесін бұзғандарды жауапқа тартпағаны үшін жүйелі түрде пара алып келген деген күдікпен ұсталды. Сондай-ақ, оның басшылығы кезінде қарамағында жұмыс істеген бірнеше полиция қызметкерлеріне де қатысты қылмыстық істер қозғалған.