Баянауылда Олжабай және Жасыбай батырларға ескерткіш орнатылады

pavlodarnews.kz pavlodarnews.kz
Ескерткіштер қоладан құйылады.

Баянауылда Олжабай және Жасыбай батырларға ескерткіш орнатылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Рavlodarnews.kz мәліметінше, ескерткіш қоладан құйылады.

Бұл туралы тұрғындардың алдында онлайн форматта 2020 жылдың қорытындысы бойынша есеп берген аудан әкімі Қанат Кәрімов айтты.

- Биылға жоспарланған ең басты ауқымды жұмыстың бірі – демеушілер тарапынан Сәтбаев - Баязитов көшелерінің қиылысында мәдени демалыс саябағын салу. Саябаққа бөлінген аумақ аудан орталығына кіреберісте орналасқан және ұзақ жылдар бойы пайдаланылмай, бос жатқан сазды жер. Бұл жер жеке тұрғын үй мен ғимарат құрылысын салуға қолайсыз. Соған байланысты аудан орталығын көркейту, абаттандыру мақсатында саябақ салу жобасы қолға алынды. Жоба аудандық "Ақсақалдар алқасы", "Қоғамдық кеңес" мүшелерімен жан-жақты талқыланып, қолдауға ие болды, - деді Қанат Кәрімов
.

Аудан әкімінің айтуынша, саябақтың аумағы 2,6 гектарды құрайды. 564 түп ағаш отырғызылып, 678 шаршы метр гүлзар егіледі, 2596 шаршы метр жаяу жүргіншілерге арналған жолақтар төселеді. Балаларға арналған ойын алаңдары мен жастардың воркаут алаңы болады. 108 дана саябақ шамы, жүзден астам орындық орнатылады. Саябақ демалушыларына арналған көлік тұрағы ұйымдастырылады.

- Саябақтың ортасында аттары аңызға айналған, жерімізді жаудан қорғап қалған батыр бабаларымыз – Олжабай және Жасыбай батырларға арналған еңселі ескерткіш орнатылады. Ескерткіш қоладан құйылады, тұғырымен қоса есептегенде жалпы биіктігі - 26,5 метр. Бұл саябақ аудан тұрғындары мен қонақтары үшін ең көрнекті орындардың бірі болмақ. Жоба аясында дәмхана, қоғамдық дәретхана салудың перспективасы қарастырылған. Демалушылар, отбасымен, достарымен, туған-туыстарымен келіп, таза ауамен тыныстап, рухани демалып қайтатын болады, - дейді аудан әкімі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз