Баянауылда Жасыбай демалыс орнының кіре берісіне блок-бекет қойылды
Баянауыл ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері (орынбасары) Аянбек Кәрібжанов Жасыбай демалыс аймағына кіретін және шығатын жерлерге блок-бекеттер орнатуды бұйырды, деп хабарлайды zakon.kz.
Баянауыл ауданының әкімі Кәрімов Қанат Сарсенұлына келесі іс-шараларды жүргізуді тапсырамын:
- Жасыбай демалыс аймағына кіретін және шығатын жерлерде блок-бекеттердің орнатылуын қамтамасыз ету;
- бақылау-өткізу пунктінде демалыс аймағына баратын адамдардың дене қызуын тексеруді қамтамасыз ету;
- демалыс аймағына кірушілерден анкета алу;
- COVID-19-ға күдікті адамдар табылған жағдайда оқшаулау.
Осы қаулы бойынша "Жасыбай", "Торайғыр", "Сабындыкөл" демалыс аймағының аумағында орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне жауапты адамдар Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 7 бұйрығына сәйкес қызметті қамтамасыз етуі керек:
- карантиндік режимде жұмыс істейтін объектілерді тексеру (мониторинг) жүргізу алгоритміне сәйкес, қызмет басталғанға дейін дайындық актісін алуға;
- үстелдердің, орындықтардың және басқа жабдықтардың арасындағы қашықтық кемінде 2 метр, келушілер арасындағы арақашықтық - 1 метр болатындай етіп орналастырылуын қамтамасыз ету.