Өскемен тұрғыны бұрынғы әйелін пышақтады
ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі
Бұрынғы күйеу келіп, екеуі спирттік ішімдік ішкен.
Өскеменде ақпанның 12-сі күні кешкі сағат 21.40 шамасында 102 нөміріне әйел азаматша шағымданып, көмек сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, үйіне бұрынғы күйеуі келіп, екеуі бірлесе спирттік ішімдік ішкен екен. Әңгіме барысында араларында жанжал шығып, ер азамат бұрынғы жұбайының кеуде тұсынан ас үй пышағымен жарақат салған. Сөйтіп, белгісіз жаққа қарай қаша жөнелген.
Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің жауынгерлері бұл туралы хабар алысымен, дереу оқиға орнына жетіп, көрші аулалардың бірінде масаң күйде жүрген, берілген анықтамаға түр-сипаты сәйкес келетін ер азаматты байқайды. Патрульдік топ бастығы сержант Азат Ульянов, қатардағы жауынгерлер Жандос Естай мен Әлинұр Айтқалин әлгі азаматты ұстап, мәселенің анық-қанығын анықтау мақсатында полиция бөліміне жеткізген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript