Анкарада 33 адам арақтан уланып, көз жұмды

Алкоголь, алкогольная продукция, алкоголизм, спирт, спиртной напиток, алкогольные напитки, спиртное, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2025 15:17 Фото: pexels
Анкарада қолдан жасалған спирттік ішімдік ішкен 33 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арақтан уланған тағы 20 адам ауыр халде ауруханаға түскен. Олардың көбі жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл ақпаратты Анкара губернаторы Васип Шахин хабарлады.

Арнайы қызметтер жүргізген рейд барысында жасырын цехта спирттік ішімдік жасаумен айналысқан 34 адам қамауға алынған.

Ал Ыстанбұл қаласында жыл басынан бері алкогольді сусындардан уланған 71 адам көз жұмған.

49 адам ауыр халде ауруханаға түскен, деп жазады qazaqstan.tv.

Қолдан арақ жасап сатты деген күдікпен қазір тағы 10 адам қамауға алынды.

Ел аумағында арақ-шарап сатылатын жерлердің барлығы тексеріліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: