Америкалық басылым Алматы облысындағы ерекше табиғи құбылыс туралы жазды

15 Ақпан 2021, 14:58
Сурет: instagram/himmelvind

Америкалық Businessinsider басылымы биыл қыста көптеген қазақстандықтың назарын аударғып, таңдайын қақтырған табиғи құбылыс туралы жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл - Алматы облысының Кеген ауданындағы Кеген мен Шырғанақ ауылдарының арасында пайда болған мұз "жанартауы". Бұл құбылысты жергілікті тұрғындар атап өткендей, әр қыс сайын тамашалауға болады. Бірақ ол биыл ерекше формасымен және қақ ортасынан су атқылауымен ерекше көзге түсіп, кең танымалдылыққа ие болды. Ол "мұз жанартау" деп аталды, себебі жер асты суы вулкан құсап, сыртқа атқылап жатқандықтан болар. "Жанартаудың" биіктігі - шамамен 14 метр.

Қазақстанда 45 метрлік "мұз жанартауы" пайда болды, ол жер асты суының жер беті атқылауына байланысты пайда болды, сыртқа атқылаған су бірден қатып қалған, деп жазды Businessinsider басылымы қызықты табиғат құбылысы туралы.

Осы қыста Қазақстанда метеорологиялық жағдайлар нәтижесінде жазықтықтан шыққан бұлақ суы жер бетіне атқылап, биіктігі 45 фут мұз мұнарасы пайда болды. Ол Алматы облысында көрініс тапты, мұнда аяздың қандай болатынын кең жазық даланы басқан қалың қар мен қатқан мұздан байқауға болады. Мұнда пайда болған мұз конусын кейбір ғалымдар "мұз жанартауы" деп атады, алайда формасы жанартауға ұқсағанымен, бұл тіпті екі бөлек табиғат құбылысы. Бұл ретте жер астындағы ыстық су жер бетіне атқылап, қақаған аяздан төмен түспестен қата береді. Нәтижесіне қыстың керемет табиғат туындысы көз алдында пайда болады, - деп сипаттайды бұл құбылысты америкалық басылым.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?