Алматы облысында тағы бір жол учаскесі жабылды
zakon.kz
Республикалық маңызы бар Үшарал - Достық жолының бір бөлігі (84 -184 шақырымы, бұл - Көктума мен Достық ауылдарының арасы) көліктің барлық түрлеріне жабылды
Алматы облысының ТЖД республикалық маңызы бар Үшарал - Достық жолының жабылатындығы туралы жолаушыларды құлаққағыс етті, деп хабарлайды zakon.kz.
30 қарашада сағат 15.30-дан бастап, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-тың Алматы облыстық филиалының және "ҚазАвтодор" ЖШС-ның Алматы облыстық филиалының ақпараты бойынша, ауа-райының нашарлауына байланысты (қатты боран, жолдың көрінуінің нашарлауы) республикалық маңызы бар Үшарал - Достық жолының бір бөлігі (84 -184 шақырымы, бұл - Көктума мен Достық ауылдарының арасы) көліктің барлық түрлеріне жабылды, деп хабарлады ТЖД-дағылар.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан осы бағытта жолға шығудан аулақ болуды және 112 қызметі жіберген SMS хабарламаларды назардан тыс қалдырмауын сұрайды.
Бұған дейін облыстық маңызы бар Алматы - Өскемен - Қапал-Арасан шипажайы (0 км-ден 45 км-ге дейін) жолының учаскесінде жол қозғалысына тыйым салынатындығы хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript