Саунада демалған Семей полицейлері – тексеру басталды

16 Ақпан 2021, 09:13
Сурет: instagram.com

Семей полиция басқармасы қызметкерлерінің басы дауға қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанда заң мен тәртіп бұзғандарға жиі шүйлігетін Руслан Лазута дейтін блогердің Instagram-дағы парақшасында саунаға жиналған бір топ полицейдің суреті шығып кетті.

Ортада отырған "Антибиотик" – Семейдің жергілікті полиция қызметіне жаңадан тағайындалған майор Сұңғатов Ришат. Қарамағындағы қызметкерлер – учаскелік инспекторлармен бірге отыр, деп жазды ол.

Лазутаның дерегінше, бұлар 29 қаңтарда Кордон бағытындағы саунада демалған.

Жеке құрам түгел жиналып, жаңа бастықтың жаңа қызметін тойлатқан болса керек.

Полиция жайсыз жағдайға қалды. "Бұл суреттегілер полицейлер емес" деп өтірік соға салып құтылайын десе, бұлар шынымен полиция қызметкерлері.

ШҚО ПД Ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру бастады, деген жауап берді облыстық ПД.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?