Жылдық инфляция 7,4%-ға дейін баяулады

16 Ақпан 2021, 09:45
Сурет: видеодан кадр

Жылдық инфляция 7,4%-ға дейін баяулады. Кен өндіру өнеркәсібінен басқа, нақты сектордың барлық салалары (құрылыс, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы) өсім көрсетті, деді бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның сөзінше, өңдеу өнеркәсібі салаларында өсу жалғасуда.

Машина жасау 16,2%, оның ішінде автомобиль жасау – 21,2%, химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру – 12,8% және құрылыс материалдары өндірісі – 11,8% деңгейінде жоғары өсу қарқынын сақтады. Сондай-ақ, киім өндірісі 9,2%-ға және фармацевтика өндірісі 4%-ға өсті. Жалпы алғанда өңдеу өнеркәсібінің өсуі 3%-ды құрады. 11 өңір өсім көрсетті. Өңдеу өнеркәсібінде жоғары өсімді Шығыс Қазақстан Қостанай, Ақмола облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы көрсетті, деді ол.

Өндірістің төмендеуі 6 өңірде тіркелді. Олар Батыс Қазақстан, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды және Павлодар облыстары.

Экономика салаларының көбінде негізгі капиталға инвестициялар серпінді қарқынмен өсуде. Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, инвестициялардың орташа өсуі 25,5%-ды құрады. Инвестициялар бойынша 13 өңір өсім көрсетті. Ең жоғары көрсеткіштер Түркістан облысында және Шымкент қаласында тіркелді. 4 өңір төмендеу көрсетті. Олар Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстары, деді ол.

Министрдің баяндамасында айтылғандай, биыл 662 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға жоғары. Нәтижесінде, 34 мыңға жуық жұмыс орны құрылатын болады.

2021 жылы Қарағанды облысында 17 білім беру нысанының құрылысы жоспарлануда. Және 11 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталады.

Сонымен қатар, сапалы автомобиль жолдарының үлесін 85%-ке дейін жеткізу жоспарлануда. Қала халқының 100%-ы және ауыл халқының 90%-ы сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізе алады.

Осы жылы әлеуметтік және инжинерлік инфрақұрылымды жақсарту үшін 35 ауылда 75 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл 70 мыңға жуық ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және 1 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?