Қазақстанда 33 градусқа дейін күн аяздайды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2021 17:49 Pixabay
Республикамыздың кей аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күшеюі байқалады.

Қазақстанда ауа температурасының күрт төмендеуі болжанып отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша,18-19 ақпанда Оңтүстік Каспий циклоны Қазақстандағы ауа-райына ықпал етеді.

Республикамыздың басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады, ал солтүстік өңірлерде боран ұйытқып, қар жауады деп күтіледі. 19 ақпаннан бастап, республикамыздың басым бөлігінде антициклонның келіп жетуіне байланысты ауа температурасы айтарлықтай төмендейді деп күтіледі. Республикамыздың солтүстік бөлігінде түнде -15-33 ℃, оңтүстікте -5 ℃, кей жерлерде-10-15 ℃ дейін сынап бағаны төмендейді, деп атап өтті синоптиктер.

Республикамыздың кей аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күшеюі байқалады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: