Қазақстанда күн салқындайды
![Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2021 18:14](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-d402dc6e-9af1-4510-871b-7759907199ba/800x452.webp)
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.
Қазақстан бойынша 2021 жылғы 30 наурыз – 1 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Мәскеу аудандарынан антициклонның басып кіруі Қазақстанның көп бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне, сондай-ақ жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына әкеледі.
Фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты болады.
Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript