Алматыда автотұрақтағы екі жүргізушінің қып-қызыл төбелесі

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2021 18:31 видеодан алынды
Тексере келгенде, төбелескен екеудің бірінің қолынан алынған суық қару деген ойыншық пышақ болып шықты.

Алматыда сауда орталықтарының біріндегі көлік тұрағында екі жүргізуші қып-қызыл төбелесіп, куәгерлер болған жайтты видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды zakon.kz.

Төбелес кезінде олардың бірі пышаққа ұқсас затты алып шыққан. Сол кезде екіншісі кері шегіне берген.

Полиция төбелескен екеуді ұстап, Медеу аудандық ПБ-ға жеткізді. Олар ҚР Әкімшілік кодекстің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тексере келгенде, төбелескен екеудің бірінің қолынан алынған суық қару деген ойыншық пышақ болып шықты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: