Мәдениет министрлігі Абай атындағы ҚМАОБТ директорын жұмыстан босатты

18 Ақпан 2021, 16:13
Сурет: gatob.kz

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық оепра және балет театрының директоры Ая Қалиева қызметінен босатылды. Театр әртістері Мәдениет министрлігінің бұл шешімімен келіспейді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ая Қалиева бүгін, 18 ақпанда жұмыстан босатылғаны туралы бұйрық алғанын айтты.

Мәдениет министрлігі бұл ақпаратты растады.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры Қалиева Ая Жакенқызының 2021 жылы 18 ақпанда жасалған еңбек шартының аяқталуына байланысты еңбек қатынасы тоқтатылды, делінген министрліктің хабарламасында.

Алайда, Калиева Мәдениет министрлігімен келісімшарт ұзартылғанын айтады. Құжатта егер келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін тараптардың ешқайсысы оны бұзуға ниет білдірмесе, онда бұл мерзімсіз болады деп жазылған. Сондықтан театр директоры өзінің жұмыстан босатылу себебін түсіне алмайтынын айтады.

Барлық жоспарлы көрсеткіштерді жаптым, театрда дебиторлық қарыз жоқ. Сонымен қатар, біз демеушілердің көмегімен жұмыс істейміз, олар бізге көмектеседі. Бұл қаражат та ашық әрі таза. Бір жыл еңбек еткеннен кейін мұнда бірден Мәдениет министрлігінің ревизиясы жіберілді. Комиссия айтарлықтай бұзушылықтарды анықтаған жоқ, сәйкесінше мен министрлікпен еңбек қатынастарын жалғастыра беремін, - деді ол.

Театр қызметкерлері Мәдениет министрлігінің шешімімен келіспейді. Қалиеваға қолдау білдіру үшін қызметкерлер бас сахнаға жиналды.

Мұндай көшбасшының болуы өте маңызды: жас, жасампаз және болашағы зор, заман ағымына ілесетін. Біз тек театрымыздың ғана емес, сонымен қатар мемлекетіміздің мәдениетінің имиджін көтердік. Сондықтан біздің театрға деген мұндай көзқарас маған мүлдем түсініксіз, - деді қызметкерлердің бірі.

Еске сала кетейік, Ая Қалиева 2018 жылдың желтоқсанында Абай атындағы ҚМАОБТ-ға басшылыққа келді. Театрдың бұрынғы басшысы Асқар Бөрібаев Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жазылған хаттан соң қызметінен босатылған.

Шындығында, сол кезде театр әртістері аз жалақы алатын, олар бұған риза емес еді, сондықтан жалақыны көтеруді сұрап, хат жазды. Қалиева басшылыққа келген соң қызметкерлерге жалақыны өсіруге уәде берді.

Калиева 1970 жылы дүниеге келген. Абай атындағы ҚМААОБТ директоры болғанға дейін ол Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін басқарды, оған дейін Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры болды. 1999 жылдан бастап ол Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, көптеген білім беру бағдарламаларының және ондаған ғылыми жұмыстардың авторы.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?