Асқазынан бір уыс шаш шыққан төрт жасар қыз психологтың бақылауына алынады

18 Ақпан 2021, 17:27
Сурет: otyrar.kz

Асқазанынан бір уыс шаш шыққан қыздың психологиялық ауытқуы болуы мүмкін. Бұл туралы Шымкент қаласы орталық мамандары мәлімдеді. Балалар психологының сөзінше, 4 жасар қызды дер кезінде көрсетпесе, жағдайдың қиындауы ғажап емес, деп хабарлайды zakon.kz otyrar.kz-ға сілтеме жасап.

Асқазанынан бір уыс шаш шыққан 4 жасар қызды психологтар бақылауына алады. Басты мақсат жағдайдың қайталануына тағы да жол бермеу дейді мамандар.

Тұрсынай МОМЫНОВА, Шымкент қаласы психикалық денсаулық орталығының меңгерушісі:

Бұл баланың кеш дамуының кесірінен. Егер бала өзінің не істеп жатқанына жауап бере алмаса ол тәттіні де, емізікті де қылғыта береді. Егер қатты ашуланса, өз шашын жұлып, оны жей бастайды. Бұл психикалық ауытқу. Консультацияға бару керек.

Бұл жаға ұстатарлық жағдай шымкенттіктерді таң қалдырды. Қалалық дәрігерлер 4 жасар қыздың ішінен 20 см-дей шаш шығарған. Оның ата-анасы ауруханаға қызының іші ауырып жүгінген екен. Құсып, қатты әлсіреген оған дәрігерлер ота жасап, түйілген іштен уыс шаш алып шығыпты.

Әкім ТҮЛКІБАЕВ, Шымкент қаласы балалар клиникалық ауруханасының хирург-дәрігері:

Отадан кейін кішкентай қыз бір күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазір қыздың жағдайы оңалды. Үйіне шығардық.

Дәрігерлер сөзінше, балалар ішінен шаштың шығуы сирек кездеседі. Ақ халаттыларға мұндай науқастар 2-3 жылда бір- ақ рет кездеседі екен.

Тұрсынай МОМЫНОВА, Шымкент қаласы психикалық денсаулық орталығының меңгерушісі:

Ең алдымен ата-аналар өз балаларын абайлау керек. Бақылау керек. Алдымен тәбет құрып, қарны ашып, бала арықтап кетуі мүмкін. Осыдан кейін іші ауыра бастайды. Ата аналар, әдетте жағдай қиындағасын бір-ақ жүгінеді.

Жалпы Шымкент балалар ауруханасына балалардың іші ауырып түсуі жиі кездеседі. Әдетте балалар тиын, батарейка, магнит жұтып қойып көмекке жүгінеді екен. Тіпті кей кездері кішкентайлардың ішінен шеге де табылады. Осылай деген хиургтар операцияның тығырыққа тірелгенде ғана жасалатынын айтады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?